Еліміздегі қысқы демалыс орындарының қызмет ақысы қанша

Еліміздегі қысқы демалыс орындарының қызмет ақысы қанша
фото: https://pixabay.com

       2025-2026 жылдарға арналған қысқы туризмде таңдау көп. Тау шаңғысы кешені, табиғат аясында серуен, сырғанақ пен шана жолағы. Елден шықпай-ақ демалысты сәтті өткізуге болады. Қонақүйде тұру, сырғанау және өзге де қысқы демалыс түрлерінің бағасы туралы Kazinform агенттігінің тілшісі зерделеді.

       Қыста барар жер көп. Қалтаңызға қарай ондаған демалыс орнының бірін таңдауға болады. Бүгінде демалыс орындарында шаңғы алаңы, мұз айдыны, түрлі шанамен сырғанау орындары, жаяу жүргінші жолы мен балық аулау орны бар. Шанаға ит жегуге де болады.

       Алматы қаласынан 25 шақырым қашықтықта Шымбұлақ орналасқан. Әйгілі таң шаңғысы курортында 2 260 метрден 3 200 метрге дейінгі биіктікке көтерілуге болады. Мұнда 10 көтергіш және 25 шақырымдық шаңғы жолағы бар. Демалыс орны таңертең ерте ашады.

       Таңертең сағат 08:30-бен түскі 13:30 аралығында ересектерге — 9 000 теңге, ал 6-14 жас аралығындағы балаларға — 3 000 теңге.

       Түстен кейінгі сағат 12:30 – 18:00 аралығында ересектерге — 9 000 теңге, ал 6-14 жас аралығындағы балаларға — 4 000 теңге.

       Шымбұлақта бір күн бойы жүрсеңіз ересектерге 12 000 теңге, ал балаларға 6 000 теңге төлеуіңіз керек.

       Шаңғы жолағына шығуды енді ғана үйренетін адамдарға арналған тариф — 8000 теңге. Ол оқу-жаттығуға арналған жолақта жүреді және көтерілу қызметін қолданады.

       Шымбұлақта ересектерге арналған киім жиынтығы 8-10 мың теңге болып тұр. Оған шаңғы немесе сноуброд және аяқ киім кіреді. Ал шаңғыны ғана жалға алса 6-8 мың теңге төлейді. Сонымен бірге аяқ киім, дулыға, көзілдірік пен таяғына 2-5 мың теңге қажет.

       Егер тауда түнейтін болса, эконом нөмірлеріне 18-45 мың теңге, ал комфорт санатына 120 000 теңге және одан жоғары ақы төлейді. Мұнда ашық автотұрақтарға 500 теңге, ал жабығына 1 000 теңге (екеуінің де тарифі екі сағатқа есептеледі) сұрайды.

       Oi-Qaragai — Алматыдан 40 шақырым қашықтықтағы демалыс орны. Отбасылық демалыс орны 1 500 метр биіктікте орналасқан.

       Ересектерге таңғы абонемент бағасы — 14 000 тенге, балаларға — 5 500 теңге.

       Түстен кейін – 16 500 және 5500 теңге.

       Түскі уақытта – 19 000 және 6500 теңге.

       Түнгі сағат 19:00 – 23:00 аралығында ересектерге 14 500 теңге және балаларға 5 500 теңге төлеуіңіз керек.

       Сонымен бірге бір күнге арналған демалыс тарифі бар. Сағат 9:00 - 23:00 аралығында ересектерге – 22 000 теңге. Төрт сағаттық оқу-жаттығу бағасы – 10 000 теңге.

       Қысқы демалыс орнының бірі – Медеу. Мұз айдыны 1 691 метр биіктікте орналасқан. Мұндағы мұз айдынының ауданы – 10 500 шаршы метр. Сырғанау уақыты — 9:00 – 00:00 аралығы.

       Таңғы сырғанау (2,5 сағат) бағасы оқушыларға 500 теңге, 14-22 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастарға 600 теңге және ересектерге 1 000 теңгеден екенін айта кетейік.

       Күндізгі тариф – 500, 1 200 және 2 000 теңге.

       Кешке – 500 теңге, 1500 теңге және 2500 теңге.

       Шығыс Қазақстан: Алтайдың баурайы мен жолағы

       Өсмекеннен 25 шақырым қашықтықта 600-1 200 метр биіктікте «Алтай Альпісі» орналасқан. Мұнда оннан астам сырғанау жолағы бар. Егер бір күнді аз деп санасаңыз, қона жатып екі адамға арналған жартылай люкс нөмірін 52 000 теңгеге жалға алуға болады. Мұнда таңғы және түскі ас та кіреді. Люкс нөмірлері — 98 000 теңге, бес адамға ыңғайлы отбасылық нөмірлер бағасы — 117 000 теңге. Сонымен бірге екі адамға арналған кереуеті бар эконом нөмірлер бағасы 29 000 теңге. Онда жуыну бөлмесі қарастырылмаған. Мереке күндері баға 20%-ға көтеріледі.

       Мұнда Алматыға қарағанда сырғанау бағасы арзан.

       Таңғы тариф – 6 500 теңге.

       Төрт сағат сырғанау — 8 000 теңге.

       Күндізгі билет – 14 500 теңге. Бұл баға тек сағат 17:00-ге дейін жарамды.

       Демалыс және мереке күндері төрт сағат сырғанау және қажетті құрал-жабдықтарын жалға алу құны – 16 000 теңге. Ал егер жұмыс күндері барса бес адамдық топтың әр мүшесіне 17 200 теңге есептеледі. Күндізгі абонентке түскі ас пен жалға алу ақысы кіреді.

       Тағы бір жергілікті кешен – Нұртау. Бұл — Өскемен қаласынан 35 шақырым қашықтықта жатқан 700-1 000 метр биіктікте орналасқан демалыс орны. Мұнда алты сырғанау жолағы бар. Ұзындығы – 8 шақырымға жуық. Күндіз мұнда қызмет құны — 7000 - 10 000 теңге аралығында.

       Бурабай: қарағайлы орман, мұз және қолжетімді демалыс

       Ақмола облысындағы демалыс орнына адамдар еліміздің түкпір-түкпірінен келеді. Қыста Бурабайда екі адамға арналған нөмірлердің бағасы — 15 000 – 24 000 теңге, комфорт орындарға — 28 000 – 30 000 теңге, ал коттедждерге 500 000 теңге сұрайды. Қыста орын табу оңай, тек мереке күндері алдын ала тапсырыс беріп (кем дегенде бір апта бұрын) қойған жөн.

       Көл бетіне мұз қатқан кезде табиғи мұз айдыны қолданысқа беріледі. Мұнда конькиді жалға алу құны — 1 000-1 500 теңге. Шанамен сырғанау бағасы — 1 500 –3 000 теңге. Хаски иттерді шанаға жегіп берсе, сырғанау құны — 3 000 – 6 000 теңге. Ат шанада серуендеу қызметінің бағасы 12 000 теңгеден басталады.

       Квадроцикл қызметінің құны — 30 минутқа 15 000 теңге немесе 1 сағатқа 20 000 теңге. Сонымен бірге қарда жүруге арналған көлікпен серуендеу құны 30 000 теңгеден басталады. Қыста балық аулағысы келгендер 8 000 – 10 000 теңге төлейді. Сондай-ақ сауна, моншаға түсіп, музей аралауға болады. Демалыс орындарында табиғатты тамашалап, фотоға түсуге арналған алаңдар да бар.

       Тау Самалы: Шымкент қаласы маңындағы демалыс

       Шымкенттің Төле би ауданы маңында Тау Самалы демалыс орны орналасқан. Мұнда желтоқсан-наурыз айлары аралығында демалуға болады. Сырғанау — 5 000 теңге, шаңғы мен сноубордты жалға алу – 3 000 – 6 000 теңге, барлығын бірге таңдаса шамамен — 10 000 теңге.

       Қонақүйде таңдау көп. Мәселен екі орындық нөмір бағасы — 40 000 теңге, алты адамдық люкс бағасы 110 000 теңге болса, коттедж құны – 90 000 теңге (көтерілу қызметіне 20% жеңілдік бар). VIP-коттеджді жалға алу құны — 300 000 теңге. Мұнда сауна, бильярд және төрт жатын бөлмесі бар.

       https://nege.kz/