фото: pixabay.com
Әлем нарығында алтын бағасы кезекті рекордты жаңартып, 4400 доллардан асты, деп хабарлады qazaqstan.tv.
Сарапшылардың ойынша, бұл металдың қымбаттауына АҚШ Федералдық резервінің келесі жылы пайыздық үстемені екі рет төмендетіп, долларды арзандатуы мүмкін екені себеп.
Айта кетсек, жыл басынан бері алтын құны 68 пайызға көтерілген. Бұл – 1979 жылдан бергі ең жылдам өсім көрсеткіші.
Сонымен қатар күмістің бір жылда 138 пайызға, ал мұнайдың Brent маркасы өткен тәулікте 62 долларға дейін қымбаттағаны белгілі болып отыр.
Алтын неге соншалықты қымбат?
Алтын бағасының тез өсуі әлемдік орталық банктердің белсенді сатып алуымен, сондай-ақ беделді инвесторлардың мемлекеттік облигациялар мен негізгі валюталардан бас тартуымен байланысты.
Бағаның өсуі аясында алтын жинақтарды сақтаудың тәсілі ретінде қарастырылуда. Инвестициялық монеталарға да, алтын құймаларына да сұраныс артып келеді. Алтын қызығушылық тудырмаса да, белгісіздік кезінде ол қауіпсіз баспана ретінде қабылданады.
Алтын бағасы тағы өседі
Investing.com сайтының мәліметі бойынша, Қазақстандағы алтын бағасы әлемдік орташа көрсеткіштен 46%-дан астамға жоғары болды, деп жазды informburo.kz. Сарапшылар сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптың саясаты аясында әлемдік шиеленістің артуы, макроэкономикалық тәуекелдер және доллардың тұрақтылығына қатысты белгісіздік инвесторлардың бағалы металға деген қызығушылығын арттыра беретінін атап өтеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через