фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/spacedrone
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобалардың қалай іске асырылып жатқанын түсіндірді.
Алматы әкімнің айтуынша, биыл Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық пайдалануға берілді. Сондай-ақ Абай даңғылы ұзартылып, қозғалыс ашылды және 35 шақырым жаңа автомобиль жолы салынды. Жалпы 281 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді.
Сондай-ақ Дархан Сатыбалды қаладағы метрополитенді дамыту жоспарына тоқталды.
— Қаланың заманауи көлік жүйесін қалыптастыру — Алматының негізгі басымдықтарының бірі. Осыған байланысты Алматы облысы аумағында радиалды жолдарды ұзарту және жолайырықтарын салу туралы шешім қабылданды. Бұл жобалар Алматы қаласының бюджеті есебінен жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде Үлкен Алматы айналма автомобиль жолыменкөлік байланысы жедел әрі агломерацияның өзара байланысы күшейеді. Сондай-ақ 2026 жылы «Қалқаман» метро бекетін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Алдағы үш жыл ішінде бірінші желі «Барлық» базарына дейін жеткізіледі. Қазіргі таңда метроның екінші және үшінші желілері жобаланып жатыр, — деді Дархан Сатыбалды.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через