Мобильді аударымдар ережесі өзгерді

Мобильді аударымдар ережесі өзгерді
фото: pexels.com

Бұдан бұлай телефонмен сөйлесіп жатқанда ақша аударуға тыйым салынады. Мұндай жағдай анықталса, банктер мен микроқаржы ұйымдарының өкілі аударымды бұғаттауға міндетті. Бұл туралы "Сапалы қазақстан" порталы qazaqstan.tv сай тына сілтеме жасап хабалайды. 

Мобильді аударымдардың ережесі өзгерді. 

Мақсат - телефон арқылы жасалатын алаяқтықпен күресу. Сондай-ақ құрылғыны қашықтан басқару белгілері анықталса, қосымшадан автоматты түрде кейбір функцияларды өшіріліп, операция толық тоқтайды.

Бұдан бөлек жаңа ережеге сәйкес банк жаңа құрылғыдан кірген кезде клиентті биометриялық деректер арқылы сәйкестендіруі шарт. Күмәнді әрекет байқалса, банк менеджері азаматқа парольді өзгертуі туралы ескертуі керек. 

Ақша операцияларын жүргізгенде құрылғының геолокациясын сұрау жүктеледі.  Қосымшада өзгеріс байқалса, жаңартуға міндетті. Және үш жыл сайын ISO/IEC стандарты бойынша тесттен өту шарт. 

Құжат келер апта күшіне енеді.