Картоп биыл да қымбаттай ма

Картоп биыл да қымбаттай ма
фото: https://pixabay.com/ru

       Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өткен жылғы картоп бағасының өсу себептерін түсіндіріп, биыл мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін министрлік қандай шаралар қабылдап жатқанын айтты.

       "Біз әрқашан болжам жасаймыз. Өткен жылы басқа елдер тарапынан сұраныстың артуынан картоп қымбаттады. Соның салдарынан баға өсті. Өткен жылы біз 600 мың тоннадан астам картоп экспорттадық. Сол себепті ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін экспортты шектеуге мәжбүр болдық", – деді министр.

       Оның айтуынша, биыл картоп егілетін алқап ұлғайтылып, қосымша 2,9 миллион тонна өнім жиналған.

       "Фермерлердің бағасы келісіне 110, 115, 120 теңге. Дүкендердегі орташа баға 180–185 теңге. Баға тұрақты болуға тиіс. Барлық көкөніс жиналды. Енді бәрі әкімдіктердің қолында, олар тұрақтандыру қорларына сатып алуды қамтамасыз етуі керек", - деді Айдарбек Сапаров.

       https://stan.kz/