фото: "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі
Жобаның жалпы құны - 300 млн доллар
Ақтауда жаңа теңіз портын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкіметтің бүгінгі отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.
Жобаның жалпы құны - 300 млн доллар. Портты қытайлық "Чжонъюн Интернешнл" компаниялар тобымен бірлесіп салу жоспарланған.
"Қазіргі уақытта инвестор компанияны өңірде тіркеп қойды, енді инвестициялық келісімге қол қою үшін құжаттар дайындап жатыр. Жоба "Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа" жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал ететін болады", - дейді Қилыбай.
Осы жобаның арқасында жүктерді жеткізу мерзімін 7-15 күнге қысқартуға, ал көлік шығындарын 18-25% төмендетуге мүмкіндік болады. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құрылады деген жоспар бар.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через