Алматы — Ташкент бағытында Тальго пойызы күнде қатынайды

Алматы — Ташкент бағытында Тальго пойызы күнде қатынайды
фото: pixabay.com

14 желтоқсаннан бастап «Алматы — Ташкент» халықаралық бағыты бойынша Тальго пойызының қозғалыс кестесін күнделікті режимге ауысады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұл шешім тәулігіне 400-ден астам жолаушыны тұрақты түрде тасымалдауға мүмкіндік береді. Бағытқа жоғары жайлылық деңгейіне ие Тальго құрамдары шығарылады.

— Күнделікті қатынас пойыз қозғалысының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, сапарларды жоспарлауды ыңғайлы етеді. Күн сайынғы қатынастың енгізілуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік байланысын нығайтуға, туристік ағынды арттыруға, сондай-ақ, екі ел арасындағы мәдени және іскерлік байланыстарды дамытуға ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Алдағы қысқы маусымға орай бірқатар бағыттарда пойыз қозғалысы кестесіне қосымша өзгерістер енгізілуі жоспарланып отыр. 

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы білуге болады. Пойыздардың нақты келу және жөнелту уақыты туралы ақпарат https://tablo-railways.kz/ru/ онлайн-таблосында қолжетімді.

Tickets.kz платформасындағы ақпаратқа сәйкес, билет бағасы 10 мың теңгеден басталады, деп жазды  Informburo.kz.  

отыруға арналған орын: 10 167 теңге;
купе: 20 711 теңге;
люкс: 30 772 теңге. 

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.