фото: pixabay.com
Алаяқтар енді гипноз жасауға көшті. Оңай пайданы көздегендер азаматтарға қоңырау шалып, түрлі себеппен код сұрайды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Әдетте олар сөйлескен кезде шкім жоқ жерге баруыңызды сұрайды. Осы кезден бастап дауыс арқылы гипнозбен сананы бағындыруға көшеді. Әрі қарай несие рәсімдетіп, қаражатты өз шотына аудартады.

Фото: pixabay.com.
Бұл алаяқтардың арбауына түскен — Сәния. Айдың-күннің аманында 21 жастағы ару "банктенбіз" деп, қоңырау шалғандарға сеніп, 800 мың теңге cанап берген. Ал алданғанын кеш біліпті. Оның айтуынша, алаяқтар оған гипноз жасаған.
Сәния Алмабек: — «Біз халық банк қызметкеріміз, сізге хабарласып тұрған себебіміз, кредитке рәсімдеген сіз бе?» дейді. «Жоқ» деймін. Гипноз сияқты. Тек басқарып отырғандай. Телефонмен сөйлесіп отырмыз, мені басқарып отыр. Олар рәсімде дейді, мен тіптті қарыз алуды да білмеймін ғой. Олар айтып отырды, мен тек істеп отырдым, болды.
Жұрттың ақшасын қалтасына басуды көздегендер енді оларды тылсым күшпен көндіруге көшкен. Мұны экстрасенс-медиум да растап отыр.
Әли Хайдар, экстрасенс-медиум: — Алаяқтар телефон арқылы, видеобайланыс арқылы, аудио арқылы гипноз жасай алады. Гипноз дауыс арқылы істелінеді. Гипноз ұл, қыз дегенді таңдамайды. Әлсіз, аңғал адамдар ілініп қалады. Алаяқ хабарласса, «тыныш жерге бар» деп неге айтады. Өйткені екі адамның ортасында жүреді. Жанындағы адамдар кедергі етпеу керек.
Бұл мәселе билік өкілдерін де алаңдатып отыр. Мәжіліс депутаты адамдардың «зомби сияқты, не істеп, не қойғанын білмей қалатынына таңмын» дейді.
Сергей Пономарёв, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: — «Банктер туралы» заң қабылдадық. Онда «бір күндік ойлану мерзімі» енгізілді, яғни адам бірден несие ала алмайды, тек банкке жеке өзі барып рәсімдеуі керек.. Егер ақша Қазақстан аумағында болса, оны қайтаруға мүмкіндік бар, ал шетелге кетсе, қайтару мүмкін емес.
Ебін тауып екі асағысы келетіндер жыл басынан бері халықтың 50 миллиардқа жуық ақшасын қалтасына басқан. Оның 3 миллиарды ана иесіне қайтарылыпты. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 18 қарашадан бастап осындай айлакерлерді құрыққа түсіретін жаңа әдіс тапты. Бұдан бұлай алаяқтар жүздеп SIM-карта ауыстыра алмайды. Енді бір адамның басына тек 10 номер тіркеуге болады.
Азамат Серіктаев, ҚР ЖИЦДМ Тіркелген байланыс жобаларын дамыту және мониторинг басқармасының басшысы: — Абоненттердің осындай артық белсенділігі немесе осы азаматтардың жеке деректерін сұрау фактілері немесе азаматтардың жеке деректерін тарату фактлері анықталса, осы анти фрод жүйесі осындай іс-қимылдарды автоматты түрде анықтап осындай абонент құрылғы және абонент бұғатталады.
Соңғы он айда әлеуметтік желідегі ескертулерді елемей, көк жәшіктен көрсетіліп жатқан көп оқиғадан сабақ алмаған 23 мың адам сан соғып қалған. Ал құзырлы орындар белгісіз адамдарға ешқандай код айтпау керек екенін тағы ескертті.
Материал ktk.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через