фото: https://pixabay.com/ru/
Республикада жаңа ережелер мен өзгерістер әзірленді
Денсаулық сақтау министрлігі "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгеріс енгізді.
Құжатқа сәйкес, өзгерістер кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс жасап, сотталғандарға қатысты. Химиялық кастрация оларды бостандыққа шығаруға алты ай қалғанда қолданылады.
"Мекеменің әкімшілігі жаза мерзімі аяқталғанға дейін жарты жыл бұрын, колония әкімшілігі сотқа педофилия үшін сотталғандарға сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды жолдауы тиіс", - делінген бұйрықта.
Министрлік бұл нормалар психикалық ауытқуы бар, бірақ есі дұрыс деп танылған адамдарға қатысты қолданылатынын атап өтті. Ал сот шешімімен емделуге жіберілген тұлғаларға бұл талап қолданылмайды.
Дерек көзі:https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через