фото: https://cdn-kz.kursiv.media
Дана - ғарышты бағындырған алғашқы қазақ қызы.
Ол 1984 жылы Алматыда дүниеге келген. Оның анасы - ел арасында түрлі сөздерімен есте қалған Гүлжан Қарағұсова.
Еңбекке ерте жастан араласқан Дана 16 жастан бастап дүкенде жұмыс істепті. Десе де, Ұлыбританияда білімін жетілдірген ол әлемдік компанияларда жұмыс істеп үлгерген.
Бір қызығы, Қарағұсова Қазақстандағы Дженнифер Лопес, 50 Cent, Backstreet Boys сынды әлемдік жұлдыздардың концерттерін ұйымдастырған. Тіпті, Қазақстандағы сән саласының деңгейін көтеріп, әйгілі шеф-аспаз Гордон Рамзимнен де сұхбат алған.
Одан бөлек Дана - көпбалалы ана. Ол, тіпті, Килиманджаро мен Эльбрус шыңын бағындырған.
Сонымен, Дананың ғарышқа сапарының нақты құны әзірге белгісіз. Дегенмен, кей деректерде билет құны 100 млн теңгеден 500 млн теңгеге дейін баратыны жазылған.
Дерек көзі: https://www.instagram.com/aqsham_news
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через