фото: pixabay.com
Алматы облысында елдің жағасын ұстатқан сұмдық жағдай болды. Бір топ мектеп оқушысы жетім қызға қорлық көрсеткен. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
7-сыныпта оқитын қыз — ерекше күтімді қажет ететін жарымжан. Ал топтасқан тентектер өздерінің анайы әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп, оны бөгде адамдарға таратыпты. Ата-аналар тіпті мұндай бейнежазбаның бірнешеуі болуы мүмкін дейді. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
Қарғалыдағы озбырлық әрекет қыркүйекте болғанымен, енді ғана әшкереленіп жатыр. Балалар азғын тірліктерін сабақтан тыс уақытта, жеке үйдің ауласында жүзеге асырған. Бесеуі бір мектепте, қалғаны сол ауылдағы өзге білім ордаларында оқиды. Ал оқиғаның мән-жайы тек анайы бейнежазба тараған соң ғана белгілі болып отыр. Оқушылар арасында тараған видео ата-аналарға жеткен.
Бибігүл Бегіленова: — Ұятсыз видеоны сол қызбен түсірген. Қызды шешіндіріп, бүкіл жерін түсіріп, сол кісіге жіберген. Біз қорқамыз, ертең, Құдай сақтасын, біздің баламызға солай істесе, не істейміз? Біз ол балаларды бұл мектептен шығарып тастасын деп отырмыз. Басқа еш нәрсе сұрамаймыз. Балаларымызбен бір сыныпта оқымасын, тіпті бұл ауылда тұрмасын деп айтамыз.
Ата-аналардың айтуынша, сұмдық жайтқа қатысы бар жасөспірімдердің бірі болған жайтты таспалап отырған. Сөйтіп ол жазбаны әлдекімге ақшаға сатқан көрінеді. Ал түскен қаражатты түрлі мерекені сылтауратып, сыныптастарының есепшотына аудартқан. Қазір бұл ақпараттың рас-өтірігін полиция анықтап жатыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через