фото: https://pixabay.com/ru/
Ол шұжықты сиыр тілімен ауыстыруды ұсынды
Ресейлік диетолог әрі эндокринолог Антон Поляков таңғы асқа шұжық жеуге болмайтынын айтады.
Дәрігер aif.ru сайтына берген сұхбатында шұжық өнімдері қатерлі ісік ауруының даму қаупін арттыратын тағамдардың қатарына кіретінін айтты.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұжық әлдеқашан қауіп төндіретін азық-түліктер тобына жатқызды. Яғни шұжықты тұрақты түрде жеген жағдайда қатерлі ісік ауруының даму қаупін арттырады", - деп атап өтті Антон Поляков.
Ол шұжықты сиыр тілімен ауыстыруды ұсынды, өйткені оның тағамдық құнары көбірек.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через