Тамақпен бірге су ішуге бола ма?

Тамақпен бірге су ішуге бола ма?
фото: depositphotos.com

Тамақпен бірге су ішу зиян ба? Диетолог Мария Агирре сөзінше, су асқазан сөлін сұйылтпайды.

"Асқазан тамақтың көлемі мен түріне байланысты оның өндірісін реттейді. Біз су ішсек те, ағза тиімді ас қорыту үшін оның секрециясын автоматты түрде реттейді", - деді ол.

Десе де дәрігер кімдер судың жағымсыз салдарын сезінуі мүмкін екенін айтты.

"Асқазаны ауыратын адамдар жағымсыз әсерді байқауы мүмкін. Бірақ мұның шын мәнінде зияны жоқ", - деді ол.

Сондай-ақ, маман тамақтану кезінде екі шыныдан артық су ішпеуге кеңес берді, әйтпесе адам тез тойғандай әсер алады екен.

ҚазАқпарат