фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өртті көршілері байқап, дереу өрт сөндірушілерді шақырған
Саумалкөл ауылының тұрғыны қора ішінде сіріңкемен ойнап отырып, абайсызда қағазды өртеп жіберген.
"Бала отты тұтатып, оны сөндірместен үйіне кетіп қалған. Осы кезде сарайдағы өрт өршіп, түтін шатыр астынан шыға бастаған", - дейді төтенше жағдайлар министрлігі.
Өртті көршілері байқап, дереу өрт сөндірушілерді шақырған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Өрт сөндірушілер жалынды дер кезінде ауыздықтап, тұрғын үй мен шаруашылық ғимараттарын аман сақтап қалды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через