Самокаттар тротуармен жүрмесін

Самокаттар тротуармен жүрмесін
фото: https://pixabay.com/ru/

Ішкі істер министрлігі электрсамокаттың қозғалысын шектеуге қатысты ұсыныстарды жариялады.

Министрдің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, былтыр электрсамокатқа қатысты нақты ұсыныстар әзірленген.

"Соның бірқатары қолдау таппады. Осыған байланысты жаңа түзетулер әзірленді. Соның ішінде тротуарда электрсамокаттың қозғалысына тыйым салу бар. Бұдан бөлек, кикшерингтік кампаниялардың міндеттерін бекітіп, әкімдіктерге электрсамокатты пайдалану ережесін бекітуге құқық беру ұсынылып отыр", - деді Лепеха үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетері, бұған дейін Алматы мәслихатының депутаты Бейбіт Құсайынов қалада самокатты жалға беруді толығымен тоқтатуды ұсынған болатын.

ҚазАқпарат