Қазақстанда мәжбүрлі некеге қылмыстық жаза енгізілді

Қазақстанда мәжбүрлі некеге қылмыстық жаза енгізілді
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/WasanTita?

16 қыркүйектен бастап елімізде заң күшейді. Енді біреуді некеге зорлап үйлендіру – қылмыс.

 Адам ұрлау: Бұрын жәбірленушіні босатқан адам жазадан құтылуы мүмкін еді. Енді ондай жеңілдік жоқ – жауапкершілік бәрібір қаралады.

Мәжбүрлі неке: Қылмыстық кодекске арнайы бап қосылды.

Жаза түрлері:
– 2000 АЕК-ке дейін айыппұл;
– түзеу немесе қоғамдық жұмыс;
– 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Егер іс ауыр зардап әкелсе – 5 жылдан 10 жылға дейін, ал зорлықпен, кәмелетке толмағандарға қатысты не қызметтік өкілеттігін пайдалану жағдайында бұдан да қатаң жаза қолданылады.