фото: rgmedia.kz
Жеке кәсіпкер абайсызда әйел алаяқтың құрбанына айналған.
Бейтаныс әйел өзін қаржы мәселелерін шешіп және бизнесті дамытуға көмектесетін адам ретінде таныстырған.
Ол жалған бизнес-жоспарын ұсынып, сенімді түрде сөйлеп, кәсіпкердің сеніміне кірген. Күдікті 2 ай ішінде түрлі сылтаулармен, оның ішінде несие рәсімдеу үшін деп, жәбірленушіден жалпы сомасы 23 миллион теңге алған.
Сонымен қатар, пайызбен қарыз алып, қолхаттар жазып бергенімен, уәдесін орындамаған.
Қазір аталған дерек бойынша алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через