фото: Аккаунт Димаша Кудайбергена в социальных сетях
Түсірілім үшін 7 жолаушылар вагоны мен 1 мейрамхана-вагон бөлінді
Ұлттық тасымалдаушы Димаш Құдайбергеннің "Voice Beyond Horizon" халықаралық музыкалық реалити-шоуына арналған арнайы пойыз жасақтады. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.
Жоба Қытайдың жетекші медиа-холдингі Hunan Broadcasting System-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Аталған компанияның күнделікті аудиториясы 210 миллионнан астам көрерменді қамтиды. Жобаның атқарушы продюсері – әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ Қазақстан аумағында түсірілетін халықаралық "Voice Beyond Horizon" жобасына арнап арнайы музыкалық пойыздың қатынауын ұйымдастырды. Түсірілім үшін 7 жолаушылар вагоны мен 1 мейрамхана-вагон бөлінді", - делінген хабарламада.
Арнайы жасақталған пойыз шамамен 150 өнерпаз бен халықаралық деңгейдегі қонақтарды қабылдауға мүмкіндік береді.
"Пойыз "Түркістан – Ақтау – Алматы – Астана" бағыты бойынша 18 күндік сапарға шықты. Маршрут аясында ірі қалаларда түсірілімдер мен мәдени шаралар өткізіліп, Қазақстанның туристік әлеуеті мен табиғи көрікті аймақтары кеңінен таныстырылады", - дейді ҚТЖ баспасөзі.
Түсірілімдер Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Ақмола, Түркістан және Маңғыстау облыстарында өтеді. Негізгі түсірілім алаңдары ретінде Шарын шатқалы, Бозжыра үстірті, Көбейтүз көлі және Сайрам-Өгем ұлттық паркі таңдалды.
Жобаның финалдық кезеңі елорда – Астанада өтпек.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через