фото: yandex.kz
2026 жылдан бастап Қазақстанда автокөліктерге «әдемі» нөмірді ресми түрде таңдауға мүмкіндік беріледі.
Мәжілісте мақұлданған түзетулер қазір Сенаттың қарауында. Заң қабылданса, төмендегі тарифтер енгізіледі:
101, 191, 202, 717 сияқты стандартты «әдемі» нөмірлер – 15 АЕК;
Әріптік белгілері толықтай бірдей нөмірлер – 72 АЕК;
Сандары әдемі, бірақ әріптері әртүрлі комбинациялар (мысалы: 007, 111, 121, 999) – 57 АЕК;
Өз қалауыңызша таңдалған цифр мен әріп жиынтығы (бірақ ерекше сандар мен бірдей әріптерсіз) – 10 АЕК
Яғни, келесі жылдан бастап әр жүргізуші өз көлігіне талғамына сай нөмірді заңды түрде рәсімдей алады.
Standard.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через