фото: https://pixabay.com/ru/
Осы жүйе негізінде инновациялық агромаркетплейс де іске қосылады
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев міндетті таңбалауға жататын тауарлардың тізбесі кеңейтілетінін мәлімдеді.
Министрлік жаңа тауарлар бойынша міндетті таңбалауды енгізу мерзімдерін де белгіледі. Олар:
мотор майлары – 2025 жылдың соңына дейін;
сыра қайнату өнімдері – 2026 жылдың ақпанынан бастап;
жеңіл өнеркәсіп тауарлары – 2026 жылдың наурызынан бастап;
зергерлік бұйымдар – 2026 жылдың желтоқсанынан бастап;
биологиялық белсенді қоспалар – 2027 жылдан бастап.
Ал нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету және баға белгілеуді бақылау мақсатында тауарларды қадағалаудың ақпараттық жүйесін енгізіліп жатыр.
"Бұл тауар жеткізу тізбегі бойынша өнім көлемі мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры туралы мәліметтерді бірыңғай платформада онлайн қарастыруға мүмкіндік береді", - деді Шаққалиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осы жүйе негізінде инновациялық агромаркетплейс де іске қосылады. Бұл жүйе өндірушілер, сауда желілері және мемлекеттік органдар арасында тікелей цифрлық байланыс орнатып, делдалсыз сауда жасауға мүмкіндік береді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через