фото: Air Astana телеграмм каналы
Бұл әуе кемелері паркіндегі ұшақ санын 216 бірлікке дейін арттыруға мүмкіндік береді
Елімізде әуе кемелерінің паркі жаңа ұшақтармен толықтырылады, деп мәлімдеді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.
Бүгінгі таңда Қазақстанда әуе кемелерінің паркі 104 бірлікті құрайды. Оның ішінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жеткізілген 6 жаңа Airbus A320 типті ұшағы мен 1 жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшағы бар.
2030 жылға дейін парк тағы 103 ұшақпен толықтырылады, бұл 216 бірлікке дейін арттыруға мүмкіндік береді.
"Биыл 36 жаңа халықаралық маршрут ашылып, нарыққа 8 шетелдік авиакомпания келді. Ел ішінде 61 бағыт бойынша аптасына 850 рейс жасалады", — деді Мақсат Қалиақпаров.
Бүгінде Қазақстанның 9 облысында 21 субсидияланатын маршрут жұмыс істейді. Оларды жүзеге асыруға 2025 жылы 6,4 млрд теңге бөлінді. Үшарал, Үржар, Көкшетау, Түркістан және басқа да туристік бағыттарды дамытуға ерекше назар аударылып жатыр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через