фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/EsinDeniz
1 тамыздан Қазақстанның барлық өңірінде жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталады. Науқан 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Жыл сайынғы бұл дәстүрлі акция аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету мақсатында өткізіледі.
Бүгінгі таңда акцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары жасалып, көмекке мұқтаж балалардың тізімі жинақталып, бекітілген.
Айта кетейік, бұл – жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілетін республикалық қайырымдылық акциясы. Ол әлеуметтік осал санаттағы балаларға қолдау көрсетуге бағатталған. Игі іс-шараның мақсаты – мектепке дайындық кезеңінде қолдауды қажет ететін балаларға көмек көрсете отырып, олардың білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через