фото: pixabay.com
Біздің телефондарымыз немесе чаттарымызда қаскөйлер өз мақсаты үшін пайдалана алатын жеке ақпарат көп. Мысалы, карта нөмірлері, онлайн банктерге кіру, үй мекенжайы немесе жұмысқа қатысты жазбалар, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.
Қолыңыздағы смартфонмен қолданбаларға логин мен парольді алу оңай, өйткені олар жиі SMS арқылы жіберіледі. Сондай-ақ алаяқтар сіздің жасы ұлғайған туыстарыңыз туралы біліп, барлық белгілі мәліметті пайдалана отырып, оларды алдауы мүмкін. Міне, мұның бәрінен қалай сақтану керек?
Ішкі істер министрлігі тұрғындарға маңызды ақпаратты жариялады. Полиция аккаунтты алаяқтардан қорғаудың қарапайым әрі маңызды нұсқаулығын ұсынып отыр, деп жазды qazaqstan.tv.
Бірінші ереже құпиясөзге 1-ден 5-ке дейінгі сандарды, аты-жөні мен туған күнді қоймауға кеңес береді. Орнына ұзын, бас және кіші әріптер, сандар және арнайы белгілері бар күрделі құпиясөз қойған жөн, дейді. Одан соң құпиясөзді телефондағы «Жазбаларға» немесе қағазға жазбаңыз. Қоңырау шалған адамды да тексеру маңызды. Алаяқтар дипфейк қолдануы мүмкін.
Сөйлесіп отырған танысыңыз күмәнді болса, басын бұруын немесе жанында тұрған затты көрсетуін сұраған жөн. Сондай-ақ кім ақша сұраса да бірден жіберуге болмайды. Алдымен қоңырау соғып анықтап алу керек.
Әлеуметтік желідегі ақпараттарға сенбеңіз. Қазір көптеген платформа жасанды интеллектпен жасалған суреттерді және күмәнді контент қолданады. Сондықтан оны да тексеріп алған жөн.
Күмәнді хабарлама келсе, басқа мессенджер немесе телефон арқылы қайта хабарласыңыз. Деректерді тексеру маңызды.

Фото: pixabay.com.
Телефонды алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Телефоныңызды алаяқтардан қорғау үшін арнайы қолданбалар мен "настройканы" пайдалануға болады:
Мессенджерлерде белгісіз нөмірлерден келетін қоңырауларды өшіріңіз. Мысалы, WhatsApp-та «Настройка» бөліміне өтіп, «Құпиялылық», содан кейін «Қоңыраулар» және «Белгісіз нөмірлердің дыбысын өшіру» тармағын таңдаңыз.
Telegram-да «Настройка» бөліміне өтіп, «Құпиялылық» бөлімін, содан кейін «Қоңыраулар» және «Маған кім қоңырау шала алады» бөлімінде «Контактілер» немесе «Ешкім» тармағын таңдаңыз.
Ұялы байланыс арқылы белгісіз адамдардың қоңырауларын блоктау.
Мұны істеу үшін сіз телефондағы "настройканы" пайдалана аласыз, мысалы, «Белгісіз үнсіздік» (содан кейін мекенжай кітабындағы қоңыраулар ғана өтеді) немесе «Мазаламау» (мұнда сіз кім қоңырау шала алатынын және кімнің қоңырау шала алмайтынын толығырақ таңдай аласыз). Смартфон үлгісіне байланысты "настройка" атаулары әртүрлі болуы мүмкін, бірақ көп жағдайда қоңырауларды блоктау үшін «Телефон» қолданбасына өту керек.
Қоңырау шалушыны анықтау бағдарламасын орнатыңыз.
Ол қоңыраудың ықтимал қаупі туралы ескертеді және қажетсіз қоңырауларды блоктайды. Мысалы, Kaspersky Who Calls белгісіз нөмірлерден келетін барлық қоңырауларды тексереді және қоңырау шалушының беделін көрсетеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через