Жұмбақтасқа көтерілуге тыйым салынды

Жұмбақтасқа көтерілуге тыйым салынды
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/Gary_Gray

       Ақмола облысындағы Бурабай ұлттық паркі аумағында орналасқан Жұмбақтас жартасына шығуға қатаң тыйым салынды. Бұл туралы «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметі хабарлады.

       Мамандардың айтуынша, жартасқа көтерілу табиғи ескерткіштің тұтастығына зиян келтіріп қана қоймай, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

       — Жұмбақтас — ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Оның тек эстетикалық емес, мәдени-тарихи құндылығы да зор. Сондықтан келушілерден белгіленген тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұраймыз, — делінген ресми хабарламада.

       Тәртіп бұзушылар Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

       — Экологтар мен жергілікті билік өкілдері табиғи мұраны қорғау — әрбір азаматтың міндеті екенін ескертеді, — делінген хабарламада.

       https://kaz.inform.kz/