
фото: https://pixabay.com/ru/
Күдікті дефибриллятор құрылғысының қалай жұмыс істейтінін көрсетуді сұраған, ал фельдшер одан бас тартқан
Жамбыл облысы Байзақ ауылында фельдшерді белгісіз біреулер атып кетті.
Жағдайдың қалай болғанын Байзақ аудандық әкімдігінен сұрап білдік.
"10 шілде сағат 03:32-де Байзақ ауданының орталық ауруханасының қабылдау бөліміне 1998 жылғы науқас өз бетінше жүгінді. Науқас - жедел жәрдем қызметкері, фельдшер. Қабылдау кезіндегі шағымдар: сол жақтағы кеуде аймағындағы жара мен ауырсыну", - дейді әкімдік.
Ведомствоның айтуынша, белгісіз адамдар травматикалық қарудан фельдшерді атқан.
"Сол жақта кеуде қуысынан оқ жарақатын алған деген диагноз қойылды. Ішкі ағзаларға зақым келмеген. Науқастың жағдайы орташа ауыр", - дейді аудандық аурухана.
Оқиға орнына полиция шақырылған.
"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Ал күдіктіге іздеу жарияланды", - деп түсіндірді Жамбыл облыстық полиция департаменті.
Айта кетері, оқиға туралы әлеуметтік желіде жарияланды. Байзақ ауылының 25 жастағы тұрғыны дефибриллятордан туған жанжалға бола фельдшерге оқ атқан. Ер адам медициналық мекемеге келіп, фельдшерден құрылғының қалай жұмыс істейтінін көрсетуді сұраған көрінеді. Дәрігер жабдықты қажетсіз пайдалану қауіпті екенін айтып, бас тартқан. Фельдшердің бұл әрекетін ұнатпаған күдікті қару қолданған.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через