фото: https://pixabay.com/ru/users/mandarinmdо
Аптап ыстықта шөлді басу үшін ең тиімді сусын – кәдімгі таза су. Шілденің шіліңгірінде ағзаны дұрыс ылғалдандырудың маңызына байланысты мамандар пікіріне құлақ ассақ.
Дәрігерлер біріншіден газдалған және қантты сусындардан бас тартуға кеңес береді. Күн ыстықта бөлме температурасындағы қарапайым су немесе табиғи жеміс сусыны, компот ішкен дұрыс. Ал шай ішетін болсаңыз, оны да суытып ішкен жөн.
«Газдалған, тәтті сусындар мен энергетиктердің ағзаға пайдасынан гөрі зияны көп. Олар шөлді уақытша ғана басады да, кейіннен қайта шөлдетіп, асқазанға ауырлық түсіреді».
Сондай-ақ ол шілдедегі аптапта суды жеткілікті мөлшерде тұтыну қажет екенін атап өтті.
Дәрігерлердің айтуынша, адам ағзасына тәулігіне 1 кг салмаққа шамамен 30 мл су қажет. Бұл – ересек адам үшін күніне 1,5 литрден 2–3 литрге дейін сұйықтық ішу керек деген сөз.
Маман ыстық күндері ас мәзірін де жеңілдетуге шақырады.
«Аш жүруге болмайды. Ең дұрысы – әр 2–3 сағат сайын аз-аздан тамақтану. Ауыр, қуырылған тағамдардан гөрі көкөніс, жеміс пен салқындатылған сорпаға басымдық берген абзал», – деп кеңес береді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через