Сингапурде бала терезеден құласа, үй иесі сотталады

Сингапурде бала терезеден құласа, үй иесі сотталады
фото: pixabay.com

АҚШ-тың Нью-Йорк штатында көпқабатты үйлердегі терезелерге баланы құлап кетуден қорғайтын шектеуіш құрылғы орнатуды міндеттейтін заң бар. Осының арқасында шаһарда балалар арасындағы өлім-жітім 90 пайызға азайды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.   

 Талап енгізілмей тұрып, яғни 1976 жылға дейін жыл сайын 200-ден аса бала терезеден құлаған. Былтыр бұл көрсеткіш 21 есе қысқарды. Яғни 2024 жылы тек 9 оқыс оқиға тіркелген. 

 Балалардың терезеден құлау деректері / АҚШ, Нью-Йорк/  1976 ж -  200-ден аса бала 

2024 ж - 9 бала   

Штаттағы тиісті органдар 10 жасқа дейінгі жеткіншектердің тізімін жыл сайын жаңартып тұрады. Сөйтіп, тежеуіш қоймаған пәтерлерді ерте бастан анықтайды. Қызығы, заңда бөлмедегіге ғана емес, дәліздегі терезелерге де қорғаныш құрылғы орнату қарастырылған. Сондай-ақ жалға алу келісім-шарты бойынша, оны пәтер иелері қоюға міндетті. Өйтпеген жағдайда жалға алушылар "911" желіге ұқсас, 311 нөміріне хабарласып, шағым қалдыра алады. Талап 24 сағаттың ішінде орындалмаса, 10 мың долларға дейін айыппұл салынуы мүмкін.

 ЦИТАТА:  Амита Топрани, Нью-йорк қаласы денсаулық сақтау департаментінің қоршаған орта және жарақаттың алдын алу бөлімінің директоры: «Бастапқыда адамдар терезеге қауіпсіз тор орнатуды талап ете алатындарын білмейтін. Қазір тұрғындардың көбі одан хабардар. Сондықтан бұл үйреншікті дүниеге айналды. Жалпы Нью-Йорк тұрғындары бұл құрылғыны баласы болмаса да орнатып беруді сұрауға құқығы бар».  

АҚШ-та бала қауіпсіздігі жайлы ұдайы айтылады. Жыл сайын «Ұлттық Қауіпсіз терезе апталығы» кезінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Балалардың биіктен құлау қаупі туралы арнайы ескерту парақшалары таратылады. 

Фото: pixabay.com.

 Сингапурде бала терезеден құласа, үй иесі сотталады  

 Сингапурде бала қауіпсіздігі тек ата-ананың жауапкершілігі емес, мемлекеттің міндетіне де кіреді. 6 маусым мен 12 желтоқсан “Қауіпсіз терезе күні” ретінде белгіленген. Яғни, жылына екі рет тұрғындар топсаларын майлап, бекіткіштерін тексеруге міндетті. Талапты орындамаса, 10 мың сингапур доллар айыппұл төлейді. Бұл біздің ақшамен 4 млн теңге. 

 ЦИТАТА:  Танабал Калианнан, Сингапурдың құрылысты бақылау жөніндегі комиссары Сингапурде үйлер тығыз орналасқан. Зәулім ғимараттар өте көп. Олардың терезелері сынса, шынылары жердегі адамдардың үстіне түсу қаупі жоғары. Оның алдын алу үшін үй иелері мен тұрғындарды терезелерін үнемі тексеріп, күтіп ұстауға кеңес береміз. Сингапурде баланы қараусыз қалдырғандар үшін жаза қатаң. Айыппұл салу былай тұрсын, ата-ана құқығынан айыруы мүмкін. Ал бүлдіршін терезеден құласа, үй иесінің үстінен қылмыстық іс қозғалады. Кінәсі дәлелденсе, 1 жылға дейін темір торға тоғытылады. 

Деректерге сүйенсек, Сингапурде 2006 жылдан бері 94 адам сотталған. Десе де, кейінгі 10 жылда мұнда балалардың терезеден құлау дерегі едәуір азайған. 2012 мен 2024 жылдар аралығында 47 оқыс оқиға тіркелді. Биліктегілер мәселені жүйелі тексеріс жүргізу арқылы шешуге ниетті. 

Германияда үй салғанда бала қауіпсіздігіне көп көңіл бөледі 

 Германияда жыл сайын 50 бала терезеден құлап жарақат алады. Терезеден көбіне 2 мен 4 жасқа дейінгі бүлдіршіндер құлап кететін көрінеді. Сондықтан елде көп қабатты үй терезесінің жоғары жағы мен ашылу бұрышына ерекше мән беріледі. 

Балақай терезенің алдында жалғыз қалғанда оны ашып тастамас үшін арнайы құлып жүйесі орнатылады. Яғни терезе бала қауіпсіздігін ескере отырып салынады. Сондай-ақ ата-аналар перзентханадан шыққан соң арнайы курстарға шақырылады. Терезе бала үшін үлкен қауіп көзі екенін түсіндіреді.   

Дамыған елдердің тәжірибесіне қарасақ, бала қауіпсіздігі тек ата-ана жауапкершілігіндегі мәселе емес. Билік тарапынан бақылау күшейтіліп, бала қауіпсіздігі үшін қатаң талаптар енгізілмейінше оқыс оқиғалар азаймайды.

Қазақстанда балалардың биіктіктен құлау көрсеткіші азаймай тұр

Елімізде биыл жаз шыққалы жазатайым оқиғалар жиіледі. Биіктен құлап кеткен бүлдіршіндер саны екі есеге артты. Әсіресе Алматы, Астана секілді алып шаһарларда бұл өте өзекті мәселе.  

Жыл сайын 300-ге жуық бала терезеден құлап мертігеді, мерт болатыны да бар. Әсіресе жаз шығып, күн жылынғаннан кейін бұл трагедия көбейе түседі. Көп қабатты үйдегі балалар үлкендер көзін ала бере мына терезеге қарап ұмтылады. Мұның арты немен аяқталатынын мына сандарға қарап аңғарыңыз. 

Былтыр 215 бала биіктен құлап кетті. Өкінішке қарай, оның 13-і өмірімен қоштасты. Қалғанының да сан сүйегі сынды, мертігіп, мүгедек болғандары да бар. Ал биыл жағдай тіпті ушықты. Терезе трагедиясы екі есеге өсті.  

215 бала биіктен құлап кетті 

Қаза тапты - 13 бала 

Жарақаттанды - 202 бала  

Зәуре Нуритдинова, ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы "103" үйлестіру бөлімінің бас маманы: - Биылғы көрсеткіш 6 айдың қорытындысы бойынша 206 бала тіркеліп отыр. Яғни былтырғы жылмен салыстырғанда биіктіктен құлау көрсеткіші азаймай тұр. Мұндай жағдайлар салынған үйлерде қауіпсіздік шараларының сақталмағаны және ата-аналардың қарауынсыз қалған жағдайда балалардың осындай биіктіктен құлау фактілері  көбейіп жатыр.

Елімізде ірі қалалардағы көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына  профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Тұрғындарға және ата-аналарға  уатсап месенджерлерінде және теледидар,, радио арқылы қауіпсіздікті сақтау туралы нұсқамалар беріліп жатыр. 

 Өңірлерде құрылыс қарқын алып, көп қабатты үйлер көбейгенін ескерсек, бұл мәселеге қайта айналып соғатынымыз анық.