Қазақстан мен Қытай шекарасында алғаш рет жүргізушісіз жүк көліктері қатынамақ

Қазақстан мен Қытай шекарасында алғаш рет жүргізушісіз жүк көліктері қатынамақ
фото: pixabay.com

Қазақстан мен Қытай «Ақылды кеден» атты инновациялық пилоттық жобаны қазақстан-қытай шекарасында жүзеге асыруға кірісті. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті. 

Бастама шеңберінде «Бақты» (ҚР) — «Покиту» (ҚХР) шекаралық өткізу пункттері арқылы жүргізушісіз жүк тасымалын іске қосу жоспарланған. 

Жоба Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев пен Тачэн қаласы партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэйдің мырзамен жұмыс кездесуінде келісілді.

Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Жобаның негізгі ерекшеліктері:

- жүргізушінің қатысуынсыз шекараны автоматты түрде кесіп өту үшін жүргізушісіз көлік құралдарын (AGV) пайдалану;
- екі ел де мойындайтын бірыңғай электрондық декларацияны іске қосу;
- қолмен жасауды барынша азайта отырып тәулік бойы жүк қозғалысын қамтамасыз ету;
- жүк тасымалын толық цифрлық сүйемелдеу және ресімдеу;
- автоматтандырылған навигация мен бақылауды енгізу.

Күтілетін нәтиже:

- жүк ағынын жылына 10 миллион тоннаға дейін ұлғайту;

- кедендік ресімдеу уақытын едәуір қысқарту;

- көлік шығындарын азайту;

- логистикалық операциялардың ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыру;

- автокөлік инфрақұрылымының жүктемесін азайту және логистикалық хабтарды дамыту;

- ауыл шаруашылығы өнімдерінің, соның ішінде астық, майлы дақылдар, ет және қайта өңделген өнімдердің экспортын ынталандыру.

Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Жобаның экономикалық маңызы

— Бұл бастама шекара маңы инфрақұрылымын жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және инвестиция тартуға серпін береді. Жобаны іске асыру Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі транзиттік торап ретіндегі позициясын күшейтеді, — делінген хабарламада.

Сапар шеңберінде жобаны бірлесіп іске асыруға, іс-қимылдарды үйлестіруге және кедендік әрі логистикалық рәсімдерді цифрландыру саласында тәжірибе алмасуға бағытталған екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Материал kaz.inform.kz агенттігінен алынды.