Қарағанды облысында жүзден астам мал қырылып қалған

Қарағанды облысында жүзден астам мал қырылып қалған
фото: https://pixabay.com/ru/

Мамандар ұсақ малдың қырылуын уланумен байланыстырып отыр

Қарағандыдағы Абай ауданына қарасты Жартас ауылының жазғы жайылымында жүзден астам ұсақ мал қырылып қалды.

Қырылған ұсақ мал саны - 111, алты адамның малы. Ветеринарлық бақылау комитетінің мәліметінше, 14 шілдеде сағат 20.00-ден кейін ұсақ мал қырыла бастаған. Алты адамның малы бір жерге жайылып, бір жерден су ішкен.

“Алдын ала диагноз - улану. Аса қауіпті ауруларды болдырмау үшін патологиялық материал сынамалары алынып, облыстық ветеринариялық зертханаға жіберілді. Жануарлардың өлекселері өртеу арқылы жойылады”, - дейді ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті.

Облыстық әкімдік те мал уланып қырылды дегенді айтады.

“Алдын-ала болжам бойынша мал уланып қалуы мүмкін. Қазіргі уақытта зертханалық зерттеулер кешені жүргізілуде. Облыстағы эпизоотиялық жағдай тұрақты және бақылауда — аса қауіпті инфекциялар тіркелген жоқ. Мамандар мұндай жағдайлардың көзін анықтау және болдырмау бойынша жұмысты жалғастырады”, - дейді Қарағанды облыстық әкімдігі.

ҚазАқпарат