
фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі
Қазақстанда жолаушылар тасымалымен айналысатын пойыздарда заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы.

- Жолаушылар пойыздарында заң бұзушылықтар анықталды
© Photo : "Жолаушылар тасымалы" АҚ
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы "Астана-Атырау", "Астана – Достық", "Астана-Жезқазған", "Қарағанды-Балқаш" және "Астана-Петропавл" жолаушылар пойыздарын тексерген. Барлық пойызда заң бұзушылық анықталды.
"Тексеру барысында тіркеме вагондағы генератордың ақауы, мультимедиялық жүйе, ауаны желдету, электрмен жабдықтау розеткалары, электронды таблолардың жұмысындағы ақаулар анықталды. Сондай-ақ мерзімі өткен дәрі қобдишалары табылды", - дейді компанияның баспасөз қызметі.
Бұнымен қоса вагондардағы дәретхана аймағында тазалық жоқтың қасы.
"№65/66 пойызында арнайы қызметтік киімге қойылған талап сақталмаған. Санитарлық-гигиеналық құралдарды дұрыс пайдаланбаған", - дейді ұлттық тасымалдаушы.
Пойыздағы кемшілікті көрсеңіз, +7 776 714 5686 (WhatsApp) нөміріне шағым қалдыра аласыз.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через