
фото: Netflix/perito.media
Америкалық стримингтік сервис Netflix өз сериалдарының бірінде алғаш рет генеративті жасанды интеллект көмегімен жасалған визуалды эффектілерді пайдаланды, деп хабарлайды BBC.
kaz.inform.kz жазғанындай, жасанды интеллект — мәтіндік нұсқаулар негізінде бейнелер мен видеолар жасай алатын технология — аргентиналық ғылыми-фантастикалық «El Eternauta» сериалының бір көрінісі, яғни ғимараттың құлау сәтін жасау үшін қолданылған. Бұл технология түсірілім тобына жұмысты жылдамырақ әрі үнемді аяқтауға мүмкіндік берген.
Генеративті ЖИ-ді қолдану ойын-сауық индустриясында қызу пікірталас тудырып отыр. Мамандар авторлардың келісімінсіз жасалған контенттер және ЖИ адамдардың орнын басады деген қауіпке алаңдаулы.
Бұған дейін былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл екінші тоқсанда Netflix табысын 16%-ға арттырғанын хабарлаған. Бұл өсімге оңтүстіккореялық «Кальмар ойыны» сериалының үшінші маусымының табысы себеп болған. Сериалды қазіргі таңда 122 миллион адам көрген.

Фото: видеокадрден алынды
Айта кетейік, ЖИ 2023 жылы Голливудтағы ереуіл кезінде көтерілген басты мәселелердің бірі болды. Үш айға созылған ереуіл кезінде Сценаристер гильдиясы жасанды интеллектіні пайдалану ережелерін қатаңдатуды талап еткен.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через