
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/SimonSkafar
Бассейн — денсаулық пен сергектік кепілі. Дегенмен, мұндай қоғамдық орынға барған кезде арнайы санитариялық талаптарды сақтау маңызды. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен санитариялық қағидалар (2022 жылғы 26 шілдедегі №ҚР ДСМ-67 және 2023 жылғы 7 сәуірдегі №62 бұйрықтар) бассейндердің қауіпсіз әрі таза жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бассейннің ішкі құрылымы мен тазалығы
Бассейннің ішкі бөлмелері (киім ауыстыратын орын, душ, бассейн) келушілердің ретімен жүруіне ыңғайлы болуы қажет. Жер төсеніштері мен бассейн ыдысының беттері оңай тазаланып, дезинфекциялауға төзімді материалдардан жасалады.
Бөлмелер мен жабдықтар (еден, орындық, есік тұтқасы, шезлонгтар, т.б.) күнделікті тазаланып, қажет болған жағдайда әр ауысым арасында да дезинфекция жасалады.
Келушілерге қойылатын талаптар
Бассейнге келуші адамдар:
• Арнайы жүзу киімін (купальник, плавки),
• Су өткізбейтін ауыспалы аяқ киім,
• Сүлгі,
• Резеңке қалпақ киіп,
• Душ қабылдауы тиіс.
Бұл ережелер бассейн суының ластанбауына және жұқпалы аурулардың таралмауына жол бермейді.
Суды тазарту және дезинфекциялау
Бассейн суы арнайы құрылғылармен залалсыздандырылады. Бұл үшін:
• Хлорлау, бромдау, озондау немесе ультракүлгін сәулемен өңдеу әдістері қолданылады.
• Су үздіксіз сүзгіден өтіп, белгілі бір мөлшерде таза су қосылып отырады (әр 8 сағат сайын кемінде 10%).
Су температурасын және хлор мөлшерін автоматты түрде реттейтін жүйе орнатылады. Әсіресе баяу ерітіндетін, тұрақтандырылған хлор таблеткалары жиі қолданылады.
Өндірістік бақылау
Бассейн әкімшілігі су мен ауаның сапасына, хлор деңгейіне, микроклиматқа зертханалық бақылау жүргізіп отыруы керек. Бұл көрсеткіштер арнайы журналға жазылады және сүзгі тазалау күні де тіркеледі.
Қорыта айтқанда бассейнге бару — пайдалы әрі жағымды іс. Бірақ судың тазалығына, ғимараттың күтіміне және жеке гигиена ережелеріне мән беруді ұмытпаңыз. Санитариялық талаптар сақталған жағдайда, бассейнге бару денсаулыққа қауіп төндірмейді.
Алматы қаласы Түрксіб ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мусаева Анель Берикбайқызы.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через