
фото: https://pixabay.com/ru
Атырау облысында "LOTUS FEST-2025" халықаралық фестивалі өтеді.
Фестиваль 2025 жылдың ең ірі мәдени шараларының бірі болады.
"Бұл жоба – өңіріміздің мәдени және туристік әлеуетін дамытуға бағытталған. Лотос гүлі – ежелден киелі саналған табиғаттың ерекше сыйы. Ол сұлулығымен ғана емес, сирек кездесетін тіршілік ортасымен де туристерді қызықтырады. Әлемде лотос гүлдейтін аймақтар көп емес. Сол себепті, лотосты Атыраудың туризм бренді ету жоспарланып отыр", - дейді ұйымдастырушылар.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Құрманғазы ауданына қарасты Теңіз ауылы Қиғаш өзені сағасында өсетін лотос гүлі жайлы көбісі біле бермейтін. Бүгінде жолдың қашықтығына қарамастан оның гүлденуін тамашалауға арнайы келетін туристер аз емес. Ал биылғы фестивалдің ауқымы да, мазмұны да ерекше болады.
Негізгі шаралар:
ұлттық спорттың 6 түрінен жарыстар (алыптар сайысы, қазақ күресі, садақ ату, қол күресі, асық ату, арқан тарту) өтеді;
этноауыл, шеберлер қалашығы мен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ашылады;
эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт.
"LOTUS FEST - 2025" халықаралық фестивалі 26 шілде күні Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы Теңіз ауылында өтеді.
Айта кетері, Құрманғазы ауданындағы лотос алқабының көлемі шамамен 8-10 гектарды құрайды. Сабағының ұзынды 1,5-2 метрге, ал кейбір гүлдердің жапырағы 60 см–ге дейін жайылады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через