
фото: https://pixabay.com/ru
Олар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылды
Астанада жыл басынан бері алкогольдік мас күйде көлік басқарған 900-ден астам жүргізуші анықталған. Олар заң бұзғаны және жанындағылардың өміріне қауіп төндіргені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Осыған ұқсас құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында елордада “Мас жүргізуші — қылмыскер” атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Тек өткен демалыс күндері шара аясында Астанада 36 мас жүргізуші ұсталған.
"Мәселен, Кабанбай батыр даңғылы бойында Kia Cerato көлігінің жүргізушісі кіруге тыйым салынған белгісін елемей, патрульдік полиция экипажы тарапынан тоқтатылды.Тексеру барысында одан алкогольдік ішімдіктің белгілері байқалып, бұл факт кейін медициналық сараптамамен расталды. Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамау және көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айыру жазасы тағайындалды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.
Полиция рейдтік шаралар тұрақты түрде, әсіресе демалыс күндері жүргізілетінін айтады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через