Айына миллион теңге табу оңай ма?

Айына миллион теңге табу оңай ма?
фото: pixabay.com

Бүгінгі таңда қымбатшылық белең алғаны жасырын емес. Түрлі тауар, азық-түліктің, қызметтердің бағасы ай сайын қымбаттап барады. Мұндай жағдайда бала-шағаны тарықтырмауы үшін көбірек қаржы керек болатыны айтпаса да түсінікті, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы. 

Сонда отағасы отбасын асырау үшін, балалары жақсы білім алып, спортпен, өнермен айналысуы үшін ай сайын қанша қаражат табуы керек?

Көпшіліктің айтуынша, бүгінгі таңда еркін өмір сүру үшін айына кемінде бір млн теңге ақша керек екен. Енді осы миллионды табу оңай ма, қиын ба?

 «Сапалы Қазақстан» порталының тілшісі бұл сұрақты қазақстандықтарға қойған еді.