
фото: Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі
Қаржы халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмсалады
Қытай Орталық Азия елдеріне 1,5 миллиард юань көлемінде өтеусіз грант беруге дайын. Бұл туралы "Орталық Азия-Қытай" саммитінде Қытай төрағасы Си Цзиньпин айтты.
Бұл ақшаны теңгеге шаққанда 108,3 млрд, долларға шаққанда 210 млн болады.
"Қаржы халықтың әл-ауқатын жақсартуға және олардың жеке дамуына ықпал ететін маңызды жобаларды қолдауға жұмсалады", -деді Си Цзиньпин.
Ол сондай-ақ ҚХР Орталық Азия елдеріне алдағы екі жылда кәсіби дайындық курстарына қатысу үшін 3000 квота беруді көздеп отырғанын айтты.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через