
фото: pexels.com
Қазақстандықтар Нейро іздеу желісіне күн сайын орта есеппен 2 миллион сұрақ қояды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы informburo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл Қазақстандағы барлық іздеу сұраныстарының шамамен төрттен біріне тең. Ең жиі қойылатын сұрақтар білім тақырыбына қатысты болса, сонымен қатар "қалай істеу керек" деген мазмұнға ие.
"Мысалы, ағашты қалай отырғызуға болады, тұсқағазды қалай жапсырады, үйдегі Wi-Fi-ды қалай қосуға болады. Биылғы жылдың басынан бастап білім туралы сұрақтар саны 80 пайызға, ал "қалай жасау керек" тақырыбындағы сұрақтар 64 пайызға артты. Бұл нейрожелілер адамдарға жаңа білім алуға шынымен көмектесіп жатқанын көрсетеді", – деді Яндекс Іздеудің Қазақстандағы даму директоры Ұлан Қайырбеков.
Жыл басынан бері Нейро жауаптарын көріп, оның қызметіне жүгінетіндер қатары екі есеге өсті. Бұл жауаптарды нейрожелілер пайдаланушы сұранысына қарай автоматты түрде құрастырады. Оларды бірінші іздеу нәтижелері бетінде көруге болады, әрі қарай пайдаланушы толық жауапты ашып оқи алады немесе қосымша сұрақтар қоя алады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через