
фото: https://pixabay.com/ru/
Ақмола облысында біріктірілген ет өңдеу кешені салынады
Португалиялық инвестор Қазақстандағы етті мал шаруашылығы жобасына 132 миллион еуро инвестициялады, деп хабарлайды ҚХА ақпарат агенттігі.
AGROCEPHALUS, LDA компаниясы Ақмола облысында біріктірілген ет өңдеу кешенін салуға инвестиция жасайды.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов португалиялық компанияның құрылтайшылары Кристиан Барриос Маршан және Георгий Миладновпен кездесу өткізді.
"Біз шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылығын жоғары бағалаймыз және бұл жобаны жүзеге асыру етті мал шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосатынына, жаңа жұмыс орындарының ашып, еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтатынына сенімдіміз. Біз жобаның барлық кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетуге, оның сәтті жүзеге асуына үлес қосуға дайынбыз", - деді комитет төрағасы.
Жобаны отандық серіктес "BigFarm" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесе отырып, бірқатар испандық компаниялардың – құрал-жабдық өндірушілердің, асыл тұқымды мал, құрама жем және биогаз қондырғыларын жеткізушілердің қатысуымен жүзеге асыру жоспарлануда.
Құны 132 миллион еуроны құрайтын жоба заманауи, толық циклді агроөнеркәсіптік кластерді құруды көздейді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через