
фото: https://pixabay.com/ru/
Құқық бұзушыларға қатысты "Су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе сақтамау" бабы бойынша хаттамалар толтырылды
Құтқарушылар су айдындарында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында түнгі рейд жүргізді.
Тексеру барысында алкогольдік мас күйде суға түскен азаматтар анықталды.
Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу, атап айтқанда түнгі уақытта және алкогольдік мас күйде суға түсуді төтенше жағдайлар және полиция қызметкерлері анықтады.
Құқық бұзушыларға қатысты "Су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе сақтамау" бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Бұл бап бойынша жеке тұлғаларға 7 АЕК (27 524 теңге) көлемінде айыппұл салуды қарастырады", - деп жазылған хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды тыйым салынған жерлерде және түнгі уақытта суға түспеуге, құтқару құралдарын қолдануға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через