Маңғыстау облысының тұрғыны 218 млн теңге салық төлемеген

Маңғыстау облысының тұрғыны 218 млн теңге салық төлемеген
фото: https://pixabay.com/ru/

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр

Маңғыстау облысында салық төлеуден жалтарған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Ол мүліктік табыстан 218 миллион теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған.

Салық кодекстің 330-бабына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынатын мүліктік кірісіне мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс жатады.

"Алайда заң талаптары мен салық органы жолдаған хабарламаларға қарамастан, тұрғын тиісті салықты төлемеген", - дейді ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 244-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

ҚазАқпарат