
фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
Ақша айырбастау пункттерінде валюта бағамы жазылған табло қыркүйекке дейін алынып тасталады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Енді көше бойында доллар мен еуроның, рубль мен қырғыз сомының бағамын көре алмаймыз. Ұлттық банк осылайша төл теңгеміздің әлеуетін арттырамыз деген сенімде.
Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық банк төрағасы: — Валюта бағамын көзбен көргенде назары соған ауып, адамның ойы бұзылады. Тиісті ереже қабылдануға аз қалды. Сосын бірден он күн ішінде барлық көшеден таблолар алынып тасталады. Ал айырбастау пункт ішінде тақтайша ілуге рұқсат бар.
Сүлейменов базалық мөлшерлеме әзірге 16,5 пайыз деңгейінде қалатынын айтты. Бірақ бұл Ұлттық банктің соңғы ұстанымы емес. Сарапшылардың болжамына сүйенсек, бұл деңгей жыл соңына дейін сақталуы, не қатаңдауы мүмкін.
Ұлттық банк соңғы кезде халық арасында криптовалютаға қызығушылықтың артқанын байқап, бұл бейтаныс саланың өз бұралаң жолдары бар екенін еске салды. Бас банктің төрағасы «ақша салдым, болды, байып кетемін» деген жаппай түсініктің жаңсақ екенін айтады. Бұл салада да алаяқтар мен өзгеден бұрын ақша табу жолын жетік меңгеріп алғандар көп екенін ескертті.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банк төрағасы: — Бұл депозит емес. Криптовалюта деген біздің халыққа жаңа әрі бейтаныс сала. Бірінші кезекте шама-шарқы жететін инвесторлардың қызығатын саласы. Үлкен сомада ақша құйып, содан бір нәтиже шығаруына болады. Ал қарапайым халыққа әбден ойланып барып қаражат құйған жөн.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через