
фото: https://pixabay.com/ru/
Қайғылы оқиға Көкшетау қаласындағы ойын-сауық орындарының бірінде болған
Көкшетауда некесін жаңа қидырып, соны тойлауға барған жігітті өлтірген ер адам сотталды, деп хабарлайды Ақмола облысының соты.
Некесін қидырып, шат-шадыман болған күйеу жігіт достарымен мейрамханаға тойлауға барады. Сол жерде өзге топтағы демалушылармен ерегесіп, арты төбелеске ұласады. Жаңа үйленген жігітке қарсыласы бірнеше рет пышақ ұрған.
Мамандандырылған ауданаралық сот қылмыстық істі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігігінің 9)-тармағы "Адам өлтіру" бойынша қарады.
"Былтыр қарашада Көкшетау қаласының ойын-сауық орындарының бірінде жәбірленуші достарымен некесінің қиылғанын атап өткен. Ал сотталушы сол ойын-сауық орнында достарымен бірге болған. Екі компания арасында ауызша жанжал туындап, оның барысында сотталушы үш рет қарсыласын пышақпен ұрған, оның бірі жүрекке тиген. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды", - дейді ведомство.
Сотталушы 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Марқұмның туыстарына 10 млн тенге моральдық залал өндірілді. Әзірге сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через