Италияның бірнеше аймағында жұмыс істеуге тыйым салынбақ

Италияның бірнеше аймағында жұмыс істеуге тыйым салынбақ
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/RomoloTavani

       Аптап ыстық Еуропаны қамтыды. Кейбір елдерде температура 40°C-тан асып кетті. Билік құрғақ ауа райы, қатты жел мен ыстық орман өрттеріне әкелуі мүмкін деп, сақ болуға шақырды.

       Италияның бірнеше аймағында күннің ең ыстық мезгілдерінде кейбір жұмыс түрлеріне тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр. 17 қалада ең жоғары қызыл қауіп деңгейі жарияланды.

       Лацио, Тоскана, Калабрия, Апулия және Умбрия аймақтары температураның күрт көтерілуіне байланысты бұл шараны енгізуді жоспарлап отыр. Италия денсаулық сақтау министрлігі бақылау жүргізілетін 27 қаланың 17-сін ең жоғары аптап ыстық дабылы деңгейіне енгізді, олардың қатарында Рим, Милан және Неаполь бар.

       Астанада туристер Колизей мен Треви субұрқағы маңынан көлеңке іздеп, кейбіреулері қолшатыр қолданып, қоғамдық субұрқақтардан су ішіп, сәл де болса салқындауға тырысты.

       Милан мен Неаполь қалаларында да осындай көріністер байқалды. Көше саудагерлері тұрғындар мен қала қонақтарының аптапқа төтеп беруіне көмектесу үшін лимонад сатып жатты. Ал Еуропаның басқа бөліктерінде Испанияның ұлттық метеорологиялық агенттігі AEMET маусым айы тарихтағы ең ыстық ай болуы мүмкін деп ескертті. Севилья мен елдің оңтүстігіндегі басқа қалаларда ауа температурасы 42°C-қа жетті.

       Денсаулық сақтау органдары тұрғындарға ыстықтың шарықтау кезеңінде ауыр дене жүктемесінен аулақ болуға және, әсіресе қарттар мен кішкентай балалар секілді осал топтар үшін су ішу тәртібін сақтау қажет екенін ескертті. Сарапшылар Еуропаның оңтүстігіндегі аптап толқындарының жиілеп, күшейіп бара жатқанын климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.

       https://stan.kz/