
фото: https://pixabay.com/ru/
Ол мас күйінде қайта рөлге отырып, жол апатына себепкер болған
Астанада мас күйінде рөлге қайта отырып, жол апатын жасағаны үшін қала тұрғыны 4 жылға сотталып, өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды қала прокуратурасының сайты.
Бұған дейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын ойын-сауық мекемесінде алкогольдік ішімдік ішіп, қайта рөлге отырған.
"Кінәлі өзінің жүргізуші куәлігінен айырылғандығын біле тұра, көлікті алкогольдік масаң күйде айдап, қарсы бағытқа шығып, басқа көлікпен соқтығысқан", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен кінәлі тұлға Қылмыстық кодекстің 346-бабының 2-бөлігі бойынша өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла отырып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через