Әскерден қашқан жігіт жауапқа тартылады

Әскерден қашқан жігіт жауапқа тартылады
фото: pixabay.com

 Тараздық жігітті әскерге алып кетуге келген офицерлер күтпеген жағдайға тап болды. Әлеуметтік желіде тараған видеода әскерге шақырылушының қарсылық көрсетіп, өз басын аяусыз соққылаған. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 Бұл жағдай Тараз маңындағы ауылда болған. Өз басын соққылаған жігітке өтіп бара жатқан әйелдер араша түскен.

 Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ашуға булаққан жігіт алғашқыда пышақ шығарып, әскерилерді қорқытуға тырысқан. Амалы таусылған ол, өз басын он шақты рет көлікке ұрған.

 Отан алдындағы борышын өтегісі келмеген азамат енді қылмыстық жауапқа тартылмақ. 

Дина Мухаринова, ҚР ҚК ОӨӘҚ Тараз гарнизоны баспасөз қызметінің жетекшісі: — Әскерге шақыру маусымында жас жігіттер түрлі қулыққа барып әскерге бармаудың амалын жасайлы. Көбіне олар тұрақты жерін ауыстырып әскерге алушы компанияның өкілдерінен қашып жүреді. Бұл жігіт өз денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, қылмыс жасады деуге болады. Ол енді жауапқа тартылады.