
фото: https://pixabay.com/ru/
Іс-шараға ТМҰ-ға мүше елдердің жастар делегациялары қатысты
Әзербайжанда Түркі мемлекеттері ұйымының жастар және спорт министрлерінің жетінші отырысы өтті, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.
Аталған жиында "Ленкорань – Түркі әлемінің жастар астанасы" атты халықаралық бағдарламаның жабылу салтанаты болды.
Іс-шараға ТМҰ-ға мүше елдердің жастар делегациялары қатысты.
Жиын аясында кәмелетке толмағандарға арналған волонтерлерді оқыту бағдарламасы мен ТМҰ үлгісін құру жөніндегі конференция ұйымдастырылды.
Айта кетсек, бұған дейін Будапештте өткен ТМҰ-ның бейресми саммитінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Алматы қаласы Түркі әлемінің жастар астанасы болатынын мәлімдеген еді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через