
фото: https://pixabay.com/ru/
2024 жылы мегаполиске Қытайдан 99 мыңнан астам турист келген
Соңғы бір жылда Алматыға Қытайдан келетін саяхатшылар легі 50%-ке өсті, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
2024 жылы мегаполиске Қытайдан 99 мыңнан астам турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50%-ке көп. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 20 мың турист барған (+39%).
"Алматы халықаралық деңгейде танымалдылыққа ие бола бастады. Гонконгте өткен International Travel Expo халықаралық көрмесінде ынтымақтастық жөнінде 30 меморандумға қол қойылды", - деп жазылған хабарламада.
Сарапшылардың айтуынша, 2035 жылға қарай Гонконгтың шетелге шығатын туризм нарығы 2 млрд долларға жетуі мүмкін. Бұл Қазақстан мен Алматыға туристер тартуға зор мүмкіндік.
Қазіргі таңда Алматы мен Гуанчжоу арасын жалғайтын тікелей әуе рейсі іске қосылған. Жақында Шанхайға қатынайтын рейс ашылады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через