Алматыда SIM KIDS жобасы іске қосылды

Алматыда SIM KIDS жобасы іске қосылды
фото: https://pixabay.com/ru/

Ол балаларға зиянды контентті бұғаттайды

Телефон дыбыссыз режимде болса да, баламен байланыста болуды қамтамасыз етеді

Алматы қаласында SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды, деп хабарлады бас прокуратура.

Бас прокуратураның балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бастамасы аясында Алматы қаласының прокуратурасы TELE2/ALTEL байланыс операторымен бірлесіп "SIM KIDS" пилоттық жобасын іске қосты.

"Бұл - интернетке қауіпсіз және бақыланатын қол жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы балалар SIM-картасы", - деп жазылған хабарламада.

Карта автоматты түрде зиянды контентті бұғаттайды, ата-аналарға баланың қосымшалардағы белсенділігін бақылауға мүмкіндік береді және дыбыссыз режимде болса да, баламен байланыста болуды қамтамасыз етеді.

Жоба пилоттық сынақ кезеңінен сәтті өтіп, қазіргі уақытта барлық ниет білдірушілер үшін қолжетімді, дейді прокуратурадағылар.

ҚазАқпарат