
фото: Фейсбук парақшасынан
Биыл курстастар Ташкенде бас қостық. Интернеттегі жарнама таргеттер бойынша барлық жерде болдық. Бесқазандағы, сосын Самарқандттағы палауын да, одан әрі қымбат ресторанынан да төрт күн бойы тамақтандық. Бұл, әрине, тамақ жағы. Шымкенттен қымбат және Шымкент тағамдарынан ерекшеленбейді. Рас, Самарқанд сапары көп нәрсені ұқтырды. Түркістан, Қожа Ахмет Яссауиге деген құрметіміз көңіл көншітпейді екен. Туризм менеджменті дегенде тым артта қалып кетіппіз. Көкіректеу ел екенбіз, байлық пен мансапқа мастанған. Иіліп тұрған өзбек елінде алып Ресейден бастап, күллі Европа елінен туристер жүр тамсанып. Төрт күн Өзбекстан елінде жүріп, төрт нәрсені ойға түйдім. Бірінші, елгезектік! Ол бізде кемшіндеу екен. Екінші, "тәйт" деп тиып тастасаң да, иіле береді екен. Қас-қабағыңа қарайды..Бұл кімге ұнамайды? Үшінші, абаттандыру, көгалдандыру мәселесі.ол жағынан мықты екен. Регистанның айналасы тұтас парк! Төртінші, ұлттық калорит? Ұлттық калорит арқылы жердің өзін өрнектеген. Гүлмен көмкерген декорациясы былай тұрсын, қарағай, шынардан бастап барлық ағаш, өсімдік-бұта түрлері тәрбиеленген. Бейне бір шаштараздан шыққандай! Аспай, таспай, арбамен қоян алатын ел екенін байқатты. Әлемдік сарапшылардың болжамына сүйенсек, алдағы он-он бес жылда экономикалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да Өзбекстан әлемдегі дамыған елдеріне қосылмақ түгілі, екінші орынға жайғасатын түрі бар. Оны фактілер айқындай түседі. Экспортқа біз әлі шикізат жағынан, мысалы, мұнай, қазба байлықтарын сатып, күн көріп жатсақ, өзбек ағайындар дайын тауарлар жағынан бізден қазірден-ақ озып кетті. Біз өкінішке орай, тым болмаса сүттің өзінен импортқа тәуелді болып қалдық. Импорт пен экспорт балансын түсінетіндер мені жақсы ұғар! "Жыртыл қазақ, жыртыл" деп осыны кім айтты екен? Жыртылып жүрген, қыртылып жүрген ел екенбіз!
Дидар Бегалиев
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через