Түркістанда қолөнершілер қалашығы салынып жатыр

Түркістанда қолөнершілер қалашығы салынып жатыр
фото: Түркістан облысының әкімдігі/24.kz

Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында қолөнершілер шеберханасы бар теңдессіз туристік кешен салынып жатыр. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Шеберханада ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын, жоғары сапалы қолөнер бұйымдарының технологиясын оқытатын ірі қолөнер шеберханасы бой көтермек. Мақсат – туристерді тарту, кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, мәдениет пен мұраны сақтап қалу. 

Қолөнершілер қалашығының жалпы аумағы – 9 мың шаршы метрге жуық. Жаңа қалашықта сонымен қатар қонақүйлер мен ас үйлер салынып, көрме немесе Showroom орналасады. 

Фото: pixabay.com.

Түркістанда қолөнершілердің әлеуеті зор. 

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан шаһардың орталығында орналасатын жаңа қалашықтың жобасы ерекше. 

Алдағы уақытта өңірде қолөнершілерге қолдау көрсету арқылы жұмыс орындарын ашу, туризмді дамыту көзделіп отыр.